Жаңалықтар
Мектептегі семинар — кәсіби дамуға бағытталған тәжірибе алаңы
Бүгінгі білім беру саласының басты міндеті – жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл тұлға қалыптастыру. Осы мақсатта мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, үздік педагогикалық идеяларды насихаттау мақсатында мектебімізде бірнеше әдістемелік семинарлар өткізілді.
Семинар барысында пән мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдермен, бағалау критерийлері мен рефлексия жүргізудің жолдарымен бөлісті. Ашық сабақтар, шеберлік сағаттары мен тренингтер арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдірді.
Әсіресе, CLIL, критериалды бағалау, тиімді кері байланыс, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында ұйымдастырылған жұмыстар қатысушылар тарапынан оң бағаланды.
Семинар қорытындысында мұғалімдер топтық талдау жүргізіп, ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды. Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, білім сапасын арттыруға да зор ықпал етеді.






