Жаңалықтар

2024–2025 оқу жылында Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбын 45 түлек аяқтады. Сынып жетекшілері – Мұханова Меруерт, информатика пәнінің мұғалімі және Байпақова Гүлжанат, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сынып оқушылары белсенді, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз жастар. Олар мектептің қоғамдық өміріне, мәдени және спорттық шараларына белсене қатысып, ұйымшылдық пен өзара сыйластық таныта білді. Оқушылар арасында түрлі пәндік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
11-сынып түлектері білімге құштар, болашаққа нық сеніммен қарайтын, өз елінің патриот жастары. Олар ұстаздары мен ата-аналарының үмітін ақтап, жоғары оқу орындарына түсіп, таңдаған мамандықтары бойынша табысты болуға ұмтылды. 11-сынып түлектерінен 13 оқушы грант иесі болды.
Сынып жетекшілері оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатып, тәрбие мен білім беру ісінде үлкен жауапкершілік пен қамқорлық көрсетті. Олардың басшылығымен түлектер мектеп қабырғасынан өмірге қажет білім мен тәрбие алып, өз жолын айқындады.

Фотогалерея