Жаңалықтар

25.09.2025 күні «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де » Біз талантты іздейміз!» тақырыбында кастинг өтті. Шараның негізгі мақсаты-жас таланттарды қолдау,олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және болашаққа сеніммен жол ашу. Кастингте оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өздерін жаңа қырларынан таныта білді.

23.09.2025 күні «Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ мектеп президенті мен фракция мүшелерінің қызметтері мен сайлау тәртібі таныстырылды. Оқушыларға көшбасшылық пен жауапкершілік тұжырымдамалары түсіндірілді. Қатысушыларға толық ақпарат берілді және үміткерлерге табыс тілейміз. Әділ сайлау — біздің басты мақсатымыз.

📚✨ Жаңа кітаптарды бірге ашайық! ✨📚

«Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-нің кітапханасы қоры жаңа туындылармен толықты!
Оқушыларымыз бен ұстаздарымызға «Жаңа кітаптарды бірге ашайық!» атты таныстырылым ұйымдастырылып, әр оқырманға жаңа шығармалармен танысып, өзіне ұнағанын таңдауға мүмкіндік берілді.
Кітапхана — білім мен руханияттың қазынасы. Ал жаңа кітап – жаңа ой, жаңа әлем! 🌍
Баршаңызды кітап оқуға шақырамыз! 💫

#ЖаңаКітаптар #МектепКітапханасы #ОқуғаҚұштарМектеп

🌸 25 қыркүйек күні «Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-де ерекше білімді қажет ететін оқушылардың ата-аналары бас қосқан “Арнайы қолдау – бала болашағының кепілі” тақырыбында арнайы мамандар семинар-тренинг ұйымдастырды.
🤝 Шарада ата-аналар тәжірибе алмасып, балаларға қолдау көрсетудің тиімді жолдарын талқылады.
✨ Мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегі – баланың жарқын болашағына бастар негізгі кепіл екені тағы бір мәрте дәлелденді.

“Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ” КММ-де «Менің мектебім буллингке қарсы» тақырыбында флешмоб ұйымдастырды. Шараның мақсаты — достыққа, сыйластыққа, бір-бірін құрметтеуге шақыру, сондай-ақ буллингтің алдын алу.

18.09.2025 ж “Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ” КММ-де Отбасы күніне орай “Отбасы -бақыт мекені” тақырыбында іс шара аясында 9 сынып аналары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Шараға аналар белсенді қатысып , жүлделі орындармен марапатталды. Ұйымдастырушы 9 сынып жетекшілері.

Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі аясында апталықтың іс-шара жоспарына сәйкес, «Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-нің ағылшын пәні мұғалімі Оразалиева Э. оқушылар арасында “Ахмет ізімен” тақырыбында мектеп дәлізінде танымдылық бұрышын ұйымдастырды.

«Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 2025-2026 оқу жылындағы «Бақытты отбасы-мықты мемлекет» жоспарына сәйкес «Мерейлі мекен» тақырыбында ұйымдастырушы педагог Есқалиева Гүлназдың ұйымдастыруымен іс-шара өтті. Отбасы – ең қымбат қазына, ал бірлік пен береке – біздің басты байлығымыз.
Қатысқан аналар мен оқушыларға рахмет!

Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі аясында апталықтың іс-шара жоспарына сәйкес, «Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Екпін А. мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сырым І. оқушылар арасында “Қазақстан халқы — тілдер тоғысқан мекен” тақырыбында көңілді үзіліс өткізді.

Нұн Жұбаев мектебімізде «Ұлт шамшырағы — Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында флешмоб өткен болатын.

Нұн Жұбаев мектебімізде Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай «Тілдер сөйлейді — жүректер үндеседі» тақырыбында ұстаздарымыз өздерінің ерекше тілектерін жолдады!

«Нұр Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-нің кітапханасында 3 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері мерекесіне қарсаңында “Тіл — бабалар мұраты” тақырыбында шара өтті. Тіл мерекесінің мәнін таныту, мемлекеттік тілді құрметтеуге, ана тілін ардақтауға тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің тілдеріне де сыйластықпен қарауды қалыптастыру мақсатындағы шараға 7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Оқушылар тілдің қадір- қасиеті түсіндіріліп, ана тілімізді құрметтеу жайлы ойлар айтып, құттықтау сөздерін арнады.

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдер күніне орай, «Нұн Жұбаев атындағы ЖББМ» КММ-де «Ахмет аманаты — қазақ тілі» тақырыбындағы апталықтың ашылуына байланысты салтнатты жиын өтті. Жиында қазақ тілі мен әдебиеті пәні иен тарих пәні бірлестігінің жетекшісі В.Жайлауова тілдер күні мерекесімен құттықтап, апталықтың жоспарымен таныстырды

1 қыркүйек – Білім күні!

Бүгін, 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуы ғана емес, білім мен ғылымға жасалған алғашқы қадамды білдіретін ерекше мереке. Мектеп ұжымы үшін бұл күн үлкен қуаныш.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін – жаңа әлемнің есігі ашылса, жоғарғы сынып оқушылары үшін – болашаққа бастар жауапты кезеңнің бастамасы.

Ұстаздарымыз өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, елін сүйген, ұлтжанды, парасатты азамат етіп тәрбиелеуді жалғастырады. Осы жаңа оқу жылы әрбір оқушыға табыс, ізденіс пен шабыт әкелсін!

16.05.2025 күні
Халықаралық отбасы күніне арналған «FatherBall» әкелер мен балалар арасындағы достық лигасы өтті.

12.05.2025 күні 3 «В» сыныбында Есболова Нуржанаттың жетекшілігімен «Әкеммен әдебиет әлемінде» тақырыбында әдеби сайыс өтті. Сайысқа сынып оқушылары Нұрғали Н., Бегалы Н., Сәду О., Сәкен Е. әкелерімен қатысып, қызықты, әрі тартымды өтті. Әдеби кеште әке мен бала бірлесіп орындайтын, шығармашылықты, актерлік шеберлікті дамытатын бірнеше тапсырмалардан тұратын кезеңдер болды. Сайысқа қатысушы әкелер оқу сауаттылығынан тест тапсырмасын орындап мектеп сәттерін еске түсірсе, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым жасап көрермендердің де, өздерінің де рухани дамуынада үлкен үлес қосты. Соңғы кезеңде әкесі мен ұлы берілген материалдардан дер кезінде қиялдарын дамытып, әдемі қолөнер бұйымдарын дайындап таң қалдырды.. Сайыстың әр кезеңінде тапсырмасын тиянақты орындалуына сәйкес әділқазылар алқасы бағалауларын жүргізіп отырды. Қорытынды баға бойынша « Бас жүлде» — Бегалы Н. мен әкесі Дұрысбаев Мереке, «І орын» Нұрғали Н. пен әкесі Тілегенов Бақытжан, «ІІ орын» Сәкен Ерасыл, әкесі -Қосманбетов Бектас, «ІІІ орын» Сәду Олжа, әкесі- Каухаров Серікболат иеленіп, дипломдармен марапатталды. Тәрбиелік шара жасалған жұмыстарымен қоса, әке мен бала, мектеп арасындағы тығыз байланысты толықтырып, жоғары дәрежеде өтті

«Жас мерген-2025» пневматикалық мылтық атудан әскери-спорт¬тық сайыс өткізілді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — жастарға мәдени және әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру, оқушылар арасында әскери-қолданбалы спорт түрін дамытуды насихаттау. Мергендер сайысына 9-11 сы¬нып аралығындағы ер балалар қатысты.

1- мамыр, бұл күн — халықтар арасындағы достық пен бірліктің символы. Көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін сақтауға әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, достық пен түсіністік негізінде қоғамды нығайта аламыз.
Бірлік пен ынтымақтастық — күшіміз! Бұл күн әртүрлі мәдениеттер мен ұлттарды біріктіріп, еліміздің бейбітшілігін сақтауға мүмкіндік береді. Әр азамат бірлікті нығайтуға жауапты.

Барша қазақстандықтарға достық пен келісім тілейміз! Әрқашан бірлікте болайық!

Ұлы Жеңіс күніне орай мектеп кітапханасында соғыс жылдарындағы халықтың тағдыры мен ерлігін көркем шығарма арқылы таныту.
“Жау тылындағы бала”, “Жусан иісі”, “Махаббат қызық мол жылдар” шығармалары арқылы оқушыларға соғыстың адам өміріне әсерін сезіндіру, елін сүйетін, өткенге құрметпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Ұлы Жеңіс күніне орай, кітапханада, 10 — сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған “Естелікке айналған ерлік” тақырыбындағы кітап көрмесі арқылы оқушылардың тарихи танымын кеңейту, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру көзделді.
Сонымен қатар, “Суретші”, “Спортшы”, “ Ішінде не бар”, “ Романтик”, “Өзгерту” т.б. жауынгерлік тапсырмалары бар танымдық әрі шығармашылық ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылып, оқушылардың белсенділігі мен патриоттық сезімін дамытуға тырыстық.
Шараның басты мақсаты — жас ұрпақты ерлікке, елін сүюге, отан қорғаушылардың рухына тағзым етуге тәрбиелеу.

23.04.2025 ж. “15 минут — кітаппен” челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, өз ойын еркін жеткізуге баулу.
Челлендж жүрісі:
Оқушылар өз қалауы бойынша қызығушылық тудырған кітапты таңдап алды. 15 минут бойы тыныш ортада кітап оқуға уақыт берілді.
Пікір алмасу кезеңі:
Оқу аяқталған соң, оқушылар бірігіп оқыған кітаптары жөнінде пікір алмасты. Олар өздеріне әсер еткен тұстарды, ұнаған кейіпкерлерді айтып, бір- біріне сұрақтар қойып, ой бөлісті.
Аудио челлендж кезеңі:
Челлендждің 3- ші бөлімінде әр оқушы оқыған кітаптағы үзінділері бойынша қысқа ғана аудио челлендж жазды.

“15 минут- кітаппен” челленджі оқушылар үшін пайдалы әрі әсерлі тәжірибе болды.
#кітаппендосбол
#кітапоқиық
#15минуткітаппен

Мектеп кітапханасында, 23 сәуір- Ұлттық кітап күні аясында “Кітапты таны- сыйлық ұт”, “Күй тартып сыйлық ал” атты шара ұйымдастырылды. Осы шара арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың көркем шығармалармен танысуына мүмкіндік беру. Танымдық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сонымен қатар, күй өнерін дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, оқушылардың өнерге, шығармашылыққа бейімділігін ашу.
Шараға белсене қатысқан оқырмандарымызға ынталандыру сыйлықтарын беріп, кітап пен өнердің құндылығын насихаттау болды.

Мектебімізде “Сырлы жеңге, сұлу қыз” тақырыбында мектебіміздің қыздарына арналған кеш өтті. Қонаққа “Қазақ аналар-дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Абысын -ажын” байқауында Бас жүлде, Республикалық байқауда 1 орын иеленген “Бекмағұл ата келіндері” шақырылды.
Мақсаты: салт- дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз ұрпақтан ұрпаққа сақталып, ата- бабаларымыздың бізге қалдырған мол мәдени мұрасын сақтау; жеңге мен қайынсіңлі арасындағы жақсы қарым- қатынас орнату.

“Ұшқыр ой алаңы” жобасы бойынша 6 сыныптар арасында “Экологияның ластануы, антропогендік фактордың әсерінен деп білемін” тақырыбында мектепішілік дебат өтті. Мақсаты: оқушылар арасында өз ойын еркін жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту, проблемалық сұрақтарды қоя білуге тәрбиелеу.

Мектебіміздің оқушылары “SMART BALA” жобасы бойынша робототехника үйірмесінің нәтижесінде, Robotek Grand Tournament-2025 робототехника чемпионатының аудандық кезеңі «Жеткізуші робот» санаты бойынша 2-ші орын, қатысушылар: Даулы Дархан 4в сынып, Сәуірбай Ислам 5а сынып. Команда атауы «Алаш», жетекші Есенова Құралай.

Мектебімізде мектеп оқушылары мен ұстаздары бірлесе отырып, көркемдік жетекші Джанбозова Санжан апайдың жетекшілігімен “Берекелі де, мерекелі Наурыз” тақырыбында концерттік бағдарлама өтті.

“20-наурыз -Ұлттық спорт күні” не орай ұлттық спорт түрлерін насихаттау күні болды. Оқушылар арасында асық атудан жарыс өткізіліп, марапатталды.

19 наурыз Жаңару күніне орай мектеп алдына көшеттер отырғызылды. “Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді.

Бастауыш бірлестігі, 2 “Ә” сыныбында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Ана -өмірдің шуағы” атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбиелік шараның мақсаты: -Отбасы құндылығын түсіндіру,
-Оқушыларды ананың еңбегін бағалауға, анаға деген сүйіспеншілікті арттыруға, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, аналарына деген ақ тілектерін айтты. Аналар да қыздарды мерекемен құттықтап, жақсы көңіл-күйде болды.

Мектебімізде “Мектептерде туризм және экологиялық білім беру” тақырыбында облыстық семинар өтті. Мектебіміздің биология пәні мұғалімі Таңатарова Айсауле “Экология және біз”, химия- биология пәні мұғалімі Боранбаева Бейбитгул “Өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі”, дене шынықтыру пәні мұғалімі Құсымбаев Айболат “Белсенді туризмнің тактикасы” және де мектеп директоры Токжан Бисекенова “Мектептегі экологиялық білім мен мәдениетті дамыту” тақырыптарында өз тәжіриберлерімен бөлісіп, облыстық Алғыс хаттармен марапатталды.

28.02.2025 жыл. Мектеп кітапханашылары, мектеп ұжымы яғни өз оқырмандары арасында “Алғысым шексіз бәріңе” атты шарасын ұйымдастырды.
Мақсаты:
Жақын жандарға ризашылық білдірудің маңыздылығын түсіндіру.
Шара барысында ұжым бір- біріне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдіре отырып, сыйластықтың құндылығын насихаттайды.
Сондай- ақ мектеп ұжымына құрмет көрсету арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру көзделді.

04.02.2025ж-14.02.2025ж аралығында мектебімізде жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез құлқының алдын алу мақсатында педагог- психологтардың ұйымдастыруымен “Өмірге “Иә”деп айт!” апталығы өткізілді. Шараға оқушылар белсене қатысты.

Мектебімізде «Таңғажайып кітап әлемінде» тақырыбында ерекше шығармашылыққа толы сайыс өтті. Шараға мектептің 6 бірлестігі қатысып, түрлі түстермен ерекшеленген мұғалімдерден құралған топтар өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Әр топ өз түстеріне байланысты кітапқа таныстырылым жасап, кітаптардың маңызын тереңірек аша білді. Және »Болашақ кітапхана» жобасын ұсынып, тың идеяылармен бөлісті. Әр қатар сахналық қойылым қойып, ерекше өнерімен тәнтті етті. Мақсаты: Мұғалімдердің шығармашылық қабілетін дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, топтық бірлікті нығайту және кәсіби ынтымақтастықты қалыптастыру.

Бүгін мектебімізде Маңғыстау аудандық қорғаныс істері бөлім бастығының МУА Ф.Сапарбай және маман Г.Тасымбава қатысуымен 10,11 сынып оқушыларына жоғарғы әскери оқу орындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында отырыс өтті. Отырысқа былтырғы Гимназия мектебінің түлегі, қазіргі Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің университеті курсанты Д. Жанбуршиев қатысты. Оқушыларға әскери оқу орындарға түсу жолдарын, оқу жайлы толық ақпарат берді. Оқушылар сұрақтар қойып өзіне керек жауаптарын алды. Кездесу барысында оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығы, патриотизм, жауапкершілік және болашақтағы мамандық таңдауға байланысты құнды ақпараттар берілді.

Ата- аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында “Құмар ойындары- тәуелділік қақпаны” тақырыбында 3”в” сыныбында ата- аналар жиналысы өтті. Мақсаты: балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін жеңу, жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, компьютерлік ойындардың баланың психикасына әсері жөнінде түсінік беру.

Ата- аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында “Ақпараттан аққараны ажырату өнері” тақырыбында 7”ә” сыныбында ата- аналар жиналысы өтті. Мақсаты: жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кибербуллинг және интернет кеңістігіндегі қауіпті көздерден қорғау.

Ата — аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 1-4 сыныптар арасында “Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер” тақырыбында ата- аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: отбасында уақытты бірге өткізудің пайдасы, балаға жақсы әдеттерді үйрету.

2025 жылдың 10 тамызында ұлы қазақ ақыны, философы, сазгері және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Оның шығармашылығы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына негіз болды, ал философиялық идеялары халықтың рухани дамуына терең әсер етті. Абай білімге, прогреске және бірлікке деген сүйіспеншілікті насихаттады. Оның «Қара сөздері» сияқты еңбектері бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жаңа буындарды шындық пен үйлесімділікке ұмтылуға шабыттандырады.

1 наурыз – Қазақстан Респубикасындағы Алғыс айту күні. Өзінің бастауын 2016 жылдан алатын бұл күннің мән-мағынасы уақыт алға озған сайын артып келе жатқаны анық.
Осыған орай мектебіміздің оқушыларының жүрек жарды құттықтаулары.

📢 Оқушыларға терроризмнің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді ⚠️

Бүгін мектебімізде оқушыларға терроризмнің қауіп-қатері, оның алдын алу жолдары және сақтық шаралары туралы ақпарат беру мақсатында арнайы видео көрсетілді.

Мектебімізде 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай жоспарға сай шаралар өткізілді.
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Бүгін мектебімізде “Білімім- Отаныма!” тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өтті. Білім – адам өмірінің ең маңызды құндылығы, әрі Отанымның жарқын болашағының кепілі. Ол арқылы адам өз мүмкіндіктерін ашады, дүниетанымын кеңейтеді және қоғамда өз орнын табады. Білімді ұрпақ – елдің гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Отаным Қазақстанның дамуы үшін әрбір азамат сапалы білім алуға ұмтылуы тиіс. Білімді адамдар ғана елін сүйіп, оны қорғайды және алға жетелейді. Сондықтан, білім – Отанымның болашағын жарқын етуге арналған маңызды құрал. Білімді ұрпақ – еліміздің асқақ арманының жүзеге асуының кепілі.

Мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі Н. Өтебаевтың ұйымдастыруымен «Шабыт» жобасы аясында «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жарысы өтілді. Шараға 9-10 сынып оқушылары қатысты. Жарыс 5 бағыт бойынша өтті: саптық дайындық, пневматикалық мылтықтан ату, АК — 74 бөлшектеу және құрастыру, ӨЗК кию және барға тарту.
Мақсаты: өз Отанына шексіз берілген ,патриоттық рухы жоғары қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлге ету ,жасөспірім бойында Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру .

Облыстық «Үздік сынып жетекші» байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, сынып жетекші Изтұрғанова Дариға Жақсылыққызы І орынды иеленді. Алдағы Республикалық додада жетістік тілейміз!

Мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алу, зорлық- зомбылық, есірткі заттарды пайдалануға қарсы Маңғыстау АПБ ЖПҚб ЮПТ УПИ мамандарымен кездесу өтті. Мақсаты: зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.

Фотогалерея

Тәрбие жұмысы