Ыстық тамақ
Брокераж комиссия құрамы:
1. ДТЖО- Г.Шыңдыбаева, Н.Өтебаев
2. Мектеп медбикесі — Г.Құспанова
3. Әлеуметтік педагог-Ж.Болатова
4. Кәсіподақ төрайымы — А.Акимова
5. Сынып жетекші ата-ана Э.Оразалиева
Анықталған жағдайлар:
Тексеру барысында асхана жұмысы жалпы қанағаттанарлық деңгейде екені анықталды. Тағамдар белгіленген мәзірге сәйкес дайындалады. Дәмі мен сапасы талапқа сай.
Санитарлық-гигиеналық талаптар негізінен сақталған. Асхана қызметкерлері арнайы киіммен қамтамасыз етілген, жеке гигиена талаптарын ұстанады.
Азық-түліктердің сақталу жағдайы талапқа сай, жарамдылық мерзімдері тексерілді

Мектебімізде брокераж комиссиясының жоспарлы жұмысы жүргізілді. Аталған тексеріс барысында комиссия мүшелері мектеп асханасының санитарлық жағдайымен, тағамдардың сапасымен, ас мәзірінің талапқа сай ұйымдастырылуымен және оқушыларға ұсынылатын тамақтың қауіпсіздігімен танысты.
Бұл жолғы брокераж комиссиясының жұмысына мектебіміздің белсенді ата-аналары Муканова Толғанай мен Қонарбаева Бибігүл қатысып, ата-ана көзімен асхананың жай-күйін бақылап, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Комиссия мүшелері ас дайындау процесін, тағамдардың сақталу шарттарын, асхананың тазалығы мен қызметкерлердің жұмыс тәртібін назарға алды.
Мұндай бірлескен жұмыстар мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың дұрыс әлі сапалы тамақтануына қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған. Алдағы уақытта да брокераж комиссиясының жұмысы жұйелі түрде жалғасып, мектеп асханасының қызметін жетілдіруге өз үлесін қоса бермек

Мектеп директоры Т.Бисекенова және комиссия мүшелері мектеп асханасына кезекті тексерісін өткізген болатын.
Тексеру барысында қаралған мәселелер:
— Мектеп асханасында тамақтардың сақталу орынының (қойма,тоңазытқыш,мұздатқыш) жағлайы;
— Өнімдердің жарамдылық мерзімінің сақталуы;
— Тауарлардың таңбалануы және бөлек сақталу тәртібі;
— Температуралық режимінің сақталуы;
— Санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;
— Асхана қызметкерлерінің арнайы киім кию тәртібі.
Тексеру барысында азық-түліктердің арнайы белгіленген орында сақталатыны анықталды.Тоңазытқыштағы температуралық редис талапқа сай. Өнімдердің жарамдылық мерзімі бақылауда, мерзімі өткен тағам өнімдері анықталған жоқ. Тексеріс кезінде анықталған ұсақ кемшіліктер бойынша бас аспаз Г.Абуоваға ауызша ескертілді

Жалпыға міндетті білім беру қорынан тегін тамақты ұйымдастыру мәселесі қаралды.
Мектебімізде жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру бойынша брокераж комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында толық емес көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар мектеп асханасындағы санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталу жағдайы талқыланды.
Комиссия мүшелері асхананың жұмысына бақылап жүргізіп, оқушыларға берілетін тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

Бракераж комиссия

Фотогалерея